Трамп енгізген тарифтердің АҚШ бюджетіне қанша қаржы әкелгені белгілі болды
АҚШ президенті Дональд Трамп өзі енгізген сауда тарифтері нәтижесінде ел бюджетіне шамамен 650 миллиард АҚШ доллары көлемінде табыс түскенін мәлімдеді.
Айта кетерлігі, бұл мәлімдеме АҚШ Жоғарғы соты президент тарапынан енгізілген импорттық тарифтердің заңдылығы жөнінде шешім қабылдауы күтіліп отырған кезеңде жасалды.
Хабарларға қарағанда, Жоғарғы сот Трамптың осы заңды ондаған елге әсер еткен тарифтік саясаттың негізі ретінде қолдануға құқығы болған-болмағанын анықтайды. Егер сот АҚШ басшысы белгіленген тәртіптерді айналып өтті деген қорытындыға келсе, әкімшілік импорттаушылар төлеген кедендік алымдарды қайтаруға міндеттелуі мүмкін.