Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыру тоқтатылғанын хабарлады
08:29 / 2020-04-15

Америкалықтар жылына ДДСҰ-ға 400-500 миллион доллар көлемінде қаржы бөледі, ал Қытай болса 40 миллион бөлген


АҚШ президентінің мәлімдеуінше ұйым «өзінің негізгі міндеттемесін орындамады және жауапкершілікке тартылуы керек», ДДСҰ-ның әрекеттері коронавирустың әлемге тарауының күрт асқындауына әкеп соққан болуы мүмкін, деп есептейді Трамп.

Трамп Ақ үйде өткен баспасөзде мәлімдегендей Ваншингтон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бюджетін қаржыландыруды тоқтатылғанын айтқан. Мұндай тоқтамға келуге себеп ДДСҰ өзінің негізгі міндеттемесін орындамағаны мен жауапкершілікке тартылуы керек екендігі жөніндегі түсінік көрсетілген. Трамптың айтуынша ұйымның әрекеті Қытайдың COVID-19 коронавирусы туралы «жалған ақпарат таратуға» көмектесті, бұл жағдай аурудың одан әрі дамуына әкелді. Америкалықтар жылына ДДСҰ-ға 400-500 миллион доллар көлемінде қаржы бөледі, ал Қытай болса 40 миллион берген. «АҚШ ұйымның басты демеушісі ретінде ДДСҰ-дан толық жауапкершілікті талап етуі керек», - деген ол.

Өз сөзінің соңында Трамп АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реформалауға қол жеткізгісі келетінін және бұл мәселе басқа мемлекеттермен бірге талқыланатын болатынын айтып, «Біз ДДСҰ-мен өзара әрекеттесуді жалғастырамыз. Бұл оның маңызды реформалар жасай алатындығын түсіну үшін қажет. Сондай-ақ біз денсаулық сақтау саласындағы басқа елдермен және серіктестермен ДДСҰ алған ақшаны не істеу керектігін талқылайтын боламыз», - деп түйндеген.