Трамп барлық елдерге қатысты 10 пайыздық импорт тарифін енгізді
АҚШ президенти Дональд Трамп барлық елдерге қатысты 10 пайыз көлемінде жаһандық импорт тарифін енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл тариф АҚШ-қа басқа мемлекеттерден келетін тауарларға қолданылатын қосымша баж салуды көздейді. Жаңа тариф 24 ақпаннан бастап қолданысқа енеді және шамамен 150 күн бойы күшінде болады, яғни белгілі мерзімге уақытша енгізіліп отыр.
Трамп бұл туралы өз аккаунтында хабарлап, жарлықтың дереу күшіне енетінін мәлімдеген.
Бұл шешім АҚШ-та шетелден әкелінетін тауарларға баж салығын арттыруға бағытталған саясаттың бөлігі.