Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп БҰҰ-ны коронавирус үшін Қытайды жауапқа тартуға шақырды
09:43 / 2020-09-23

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Қытайды коронавирус пандемиясы үшін жауапкершілікке тартуға шақырды


АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде тағыда Қытайды коронавирус пандемиясы үшін жауапкершілікке тартуға шақырды.

Трамп Бейжіңді вирустың таралуының алғашқы кезеңінде Қытайдан ұшатын халықаралық рейстерге тыйым салмады және осылайша вирусты бүкіл әлемге таратты деп айыптады. Ақ үй басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын да сынға алып:

«Біз Қытайды обаның бүкіл әлемге таратқаны үшін жауапкершілікке тартуымыз керек. Қытай үкіметі мен Қытайдың «бағынышты» болған ДДҰ вирустың адамнан адамға жұғатындығы туралы дәлелдердің жоқтығы туралы өтірік айтқан. Қытай вирустың алғашқы күндерінде ішкі рейстерге тыйым салды, алайда ұшақтардың Қытайдан кетуіне және бүкіл әлемге зиян тигізуіне мүмкіндік берген. «Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл әрекеттері үшін Қытайды жауапқа тартуы керек»- деген.

Өз сөзінде АҚШ президенті вакцинаны бүкіл әлем бойынша тарататындығын айта келе: «Біз вакцинаны таратамыз, вирусты жеңіп, пандемияны тоқтататуға және бұрын-соңды болмаған өркендеу мен бейбітшілік дәуіріне қадам басамыз», - деді.