Трамп Армения және Әзербайжан басшыларымен кездеспек
АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Вашингтонға келетін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен Ақ үйде кездесу өткізеді.
The Washington Post басылымының хабарлауынша, бұл кездесу барысында көптен күткен бейбітшілік келісімі жариялануы мүмкін.
— Президент Дональд Трамп ұзақ жылдар бойы өзара қақтығыстарды бастан өткерген екі ел арасында бейбіт келісімге қол жеткізуді көздеп отыр, - делінген хабарламада.