Трамп АҚШ-тан сыртта өндірілетін барлық фильмдерге 100 пайыздық баж салығын енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауда министрлігі мен Сауда өкілі кеңсесіне «елге әкелінетін және шетелде өндірілетін барлық фильмдерге» 100 пайыздық кедендік баж салығын енгізуге рұқсат бергенін мәлімдеді.
Euronews хабарлауынша, Трамп Америка киноиндустриясы қарқынды түрде кері кетіп бара жатыр, — деп жазған әлеуметтік желіде. — Басқа мемлекеттер өздерінің кино өндірушілері мен студияларын Америкадан алыстату үшін түрлі ынталандыру тетіктерін ұсынып отыр. Олардың бұл бағыттағы бірлескен әрекеттері — ұлттық қауіпсіздікке төнген нақты қауіп.
АҚШ киносы мен телевизия саласындағы өндіріс көлемі соңғы жылдары COVID-19 пандемиясы, Голливуд гильдиясындағы 2023 жылғы ереуіл және Лос-Анджелес маңындағы орман өрттері салдарынан күрделі дағдарысқа ұшырады.