French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинация келесі аптада басталатынын айтты
17:31 / 2020-12-06

АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджиядағы жақтастары алдында сөйлеген сөзінде Құрама Штаттарда коронавирусқа қарсы вакцинация келесі аптада басталатыны жөнінде мәлімдеді.

«Олар келесі аптада басталады, біз вакцинация жасаймыз», - деген Трамп өз сөзінде. Бұған дейін американдық «Moderna» және «Pfizer», «BioNTech» компаниялары АҚШ-тың реттеуші ұйымдарына өздерінің вакциналарын елде қолдану туралы өтініш берген.

Джорджиядағы сөйлеген сөзінде Трамп тағы бір рет демократтарды президенттік сайлауда бұрмалаушылық жасады деп айыптап, сайлаудың «әділ» өткеніне сенімді болған кезде жеңілгенін мойындаған болар едім, деген. «Егер мен жеңілгенімде, өзімді шынында ұтылдым деп мойындайтын едім. Сосын Флоридаға барып, ешнәрсе жайлы ойламай, қыдырып жүріп өзіме «жақсы жұмыс істедің» деп айтар едім. Бірақ олар (демократтар) ұрласа, бұрмаласа жеңілгенді мойындамау керек», - деген ол.  

Еске салар болсақ, бұған дейін «Moderna» компаниясы жасаған mRNA-1273 коронавирустық вакцина сырқаттықтың ауыр түрлерінде 100 пайыз тиімді екендігі дәлелденген. Сонымен қатар «Pfizer» вакцинасыда 95 пайыздық нәтиже көрсеткен.