Трамп алаяқтық ісі бойынша 175 миллион доллар кепілдік төледі
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі алаяқтық ісі бойынша 175 миллион доллар кепілдік төледі.
BBC хабарлауынша, осылайша Трамп мүлкін тәркілеуден құтылды. Бұған дейін Нью-Йорк соты Трамптың кепіл ақысын 464 миллион доллар деп белгілегенімен, апелляцияның нәтижесінде ол айтарлықтай қысқарған.
Ақпан айында сот Трампты қасақана қаржылық алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Шешім бойынша бұрынғы президент банктерді адастырып, несие беру шарттарын жақсарту үшін өз байлығын он жыл бойы өсіріп көрсеткен.