Трамп АҚШ-ты әлемнің екі ірі ұйымынан шығарып жіберуі мүмкіндігі жайлы айтты
Ақ үй басшысы Құрама Штаттарды Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығарып жіберумен шошытып
АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарды Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығарып жіберумен шошытып, сонымен бірге бұл ұйымдарды қайта қаржыландырмауға шешім қабылдамақ.
Ақ үй басшысы аталған екі ұйымнан көңілі толмайтыны айтып, оларды қаржыландыру мәселесін апта соңына дейін шешуін мәлімдеп былай деген: Мен мына екі ұйымның жұмысына риза емеспін... Денсаулық сақтау мен сауда байланысында барлығы бізді алдыды. Егер олар бізге шынайы мәміледе болмаса, біз ұйымнан кетеміз. Мен ойын жасап тұрғам жоқ... Керек болса біз кетеміз, деп басып айтқан.
Бұған дейін АҚШ президенті екі ұйымды да АҚШ мүдделеріне зиян келтірді деп сынға алған болатын. Атап айтқанда, Трамптың айтуынша, ДСҰ Қытайдың АҚШ-қа қарсы «әділетсіз» сауда әрекетін жеңілдетіп көмектескен. Ал, ДДСҰ-ны негізінен АҚШ қаржыландырса да, «Қытайға тым көп мән берді» деген қисында, Трамп денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыру мәселесін қайта қарауға уәде берді.