Трамп АҚШ-та коронавирустан өлім санының аз болуын өзінің батылдығының арқасында екенін айтты
Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 1,725 миллионнан асты
АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустық пандемия кезінде өзінің саясаты мен батыл әрекеттерінің арқасында Құрама Штаттар аумағында коронавирус құрбандарының саны аз екенін айтты. Егер ол болмағанда қазір Америкада вирус құрбандарының саны миллионнан асатынын меңзеген.
«Көзге көрінбейтін бұл вирустан бір өлім жағдайыда өте көп. Оны сол пайда болған жерде – Қытайда тоқтату керек еді. Бірақ мен жылдам әрекет жасадым және тек дұрыс шешім қабылдадым. Егер мен өз жұмысымды дұрыс жасамасам, біз бүгінде 100 000 емес, бәлкім 1,5-2 миллион адамды жоғалтар едік. Мен Қытаймен шекераны ертерек жаптым!», деп жазған Трамп өз Twitter-інде.
Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандар саны 1,725 миллионнан асты, олардың ішінде 100 572 адам қайтыс болды. Сонымен қатар 479 мыңнан астам адам сауығып шыққан.