Трамп АҚШ кемелеріне қысым жасаған Иранның кез-келген кемесін атуды бұйырды
Президент Трамптың бұл мәлімдемесін Иран ғарыш кемесінің орбитаға ұшырылғаннан кейін жарияланған.
Президент Дональд Трамп әскери-теңіз күштеріне америкалық кемелерге қысым жасайтын кез келген Иран кемесін оққа тұтуға бұйрық бергенін мәлімдеді.
«Мен АҚШ-тың әскери-теңіз күштеріне егерде, Иран кемелері теңіздегі кемелерімізге қандайда бір қысым жасалатын болса, кез-келген кемесіне оқ жаудырып, көзін жоюды тапсырдым" деп жазады ол өз твиттерінде.
Ал кеше Иран өзінің алғашқы әскери ғарыш кемесін орбитаға сәтті ұшырғанын мәлімдеген болатын. БАҚ беттерінде Иранның тұңғыш жер серігіне қатысты артық ешеңе айтылмаған. Дегенмен Ислам революциялық Күзет корпусы оны әскери ғарыш кемесі деп мәлімдеген.
Президент Трамптың бұл мәлімдемесі Иран ғарыш кемесінің орбитаға ұшырылғаннан кейін жарияланған.
Жалпы екі ел арасындағы теке-тірес Трамп президенттікке келгеннен кейін басталған. Өйткені Трамп билікке келмей жатып Иран мен АҚШ арасында ядролық қару келісімі болатын. Ал Трамп 2018 жылда бұл келісімді бұзып, одан бас тартты. Осылайша қос тарапта көзге ілеспес қарсылықтар шыға бастап ол 2020 жыл 3 қаңтарға келіп АҚШ тарапынан Ислам революциялық күзет корпусының «Аль-Кұдс» арнайы күштерінің қолбасшысы, генерал Қасым Сүлейменидің өлімнен кейін шиеленісе түсті. Иран басшысы Хасан Руханий бұл жағдай жауапсыз қалмасын жеткізіп, АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына шабуыл жасаған еді.