«Трами» дауылы салдарынан Филиппинде 5,7 миллион адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болды
Филиппиннің солтүстік-шығысында «Трами» дауылы салдарынан болып жатқан қатты жауын, су тасқындары және көшкіндерден қаза тапқандар саны 85 адамға жетті.
Manila Times газетінің хабарлауынша, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны көбеюі мүмкін.
Табиғи апат салдарынан 5,7 миллион адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған, 92 мыңға жуығы уақытша баспаналарда тұрып жатыр.
«Дауыл салдарынан 27 мыңнан астам үй, 520 жол және 84 көпір зақымданды», – делінген елдің Табиғи апаттар қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық кеңес хабарламасында.