«Трабзонспор» 38 жыл дегенде алғаш рет Түркия чемпионы атанды
Трабзонның «Трабзонспор» клубы 38 жыл дегенде алғаш рет Түркия суперлигасында чемпион атанды.
Биылғы маусымның 35-ші турында «Трабзонспор» Анталяның «Анталяспор» клубымен тең ойнап (2:2) мерзімінен бұрын чемпиондыққа қол жетізді.
Осылайша, «Трабзонспор» 1984 жылдан бері алғаш рет чемпион атанды. Бұған дейін команда алты рет лиганы жеңіп алған болатын (1976, 1977, 1979, 1980 және 1981).