Toyota Жапониядағы барлық зауыттарын уақытша жабады
Жапонияның «Toyota Motor Corp.» Компания 1 наурыздан бастап елдегі барлық 14 зауыттың жұмысын тоқтатады.
Бұған жеткізушілердің бірінің компьютерлік жүйесіндегі ақаулар себеп болғаны хабарланды.
«Жергілікті жеткізушілеріміздің біріндегі жүйе ақаулығына байланысты біз Жапониядағы 14 зауытта (екі ауысымда) барлық 28 желіде өндірісті тоқтату туралы шешім қабылдадық. Біз тұтынушыларымыздан қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген Toyota мәлімдемесінде.
Компания өкілі кәсіпорындардың қанша уақытқа жабылатыны белгісіз екенін айтып, Toyota жеткізушінің аты-жөнін немесе осы мәселе жөнінде толық ақпарат бермеген.
Жапониядағы зауыттардың жылдық өндірістік қуатының үштен бірі – Toyota компаниясының үлесіне тура келеді.