Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Toyota автокөлік сатылымы бойынша әлемде бірінші орынға шықты
01:56 / 2021-01-29

Жапондық ірі автокөлік корпорациясы 2020 жылда көлік сатылымы бойынша әлемде бірінші орынға шықты.

Копанияның жылдық қорытындысына орай 2020 жылда Toyota брендті 8,692 млн дана автокөлік сатылған болып, Daihatsu және Hino «еншілес» брендтерін ескере отырып, компания бір жылда 9,528 млн автокөлік сатқан. Бұл көрсеткіш компанияның сатылған автомобильдер саны бойынша әлемде көшбасшы мәртебесін иеленуге түрткі болған, деп хабарлайды Bloomberg.

Соңғы төрт жылда автокөлік сатылымында көш бастаған Volkswagen компаниясы 2020 жылы 9,3 миллион темір тұлпар саталған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға аз.

Toyota компанияның жылдық қорытындысында автокөлік сатылымы соңғы 9 жылда алғаш рет төмендегені айтылады (2020 жылы Toyota автомобильдерінің сатылымы 10,5 пайызға, Daihatsu мен Hino-ны қосқанда 11,3 пайызға дейін төмендеген). Әлем елдердің ішінде ең үлкен құлдырау Индонезияда байқалған - 44,7 пайыз.