Тоқаев пен Орбан Мажарстан мен Германия арасындағы футбол матчын тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады.
Ақорда сайтының хабарламасына сәйкес, Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды.
«Онда УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді», делінген хабарламада.