Томаш Махач UTS турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды
Мексиканың Гвадалахара қаласында теннис бойынша көрме турнирі өтті.
Онда әлемнің 24-ракеткасы болып тұрған Томаш Махач UTS турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.
Чехиялық теннисші финалдық кездесуде бельгиялық Давид Гоффинді 3:0 (17:15, 15:14, 19:10) есебінде жеңді.
Томаш финалға дейін Флавио Коболли, Якуб Меньшик және Адриан Маннариноны да жеңген еді.