Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Томас Тухель «Челси» клубына бас бапкер болды
09:40 / 2021-01-27

Лондонның «Челси» футбол клубы Томас Тухельді команданың бас жаттықтырушысы етіп тағайындады.

Өткен күні Фрэнк Лампардпен қоштасқан аристократтар 47 жасты неміс маманымен 18 айлық келісімшарт жасасқан болып, онда келісімді кейінірек ұзарту туралы тармақты да беліглеп қойған.

Клубтың ресми сайтында жаңа бапкермен келісім жайлы қаржылық мәліметтер жарияланбаған. 

Айта кету керек, Тухель тарихта «Челсиді» басқарған алғашқы неміс маманы болды. Ол  бұған дейін француздық «ПСЖ» клубын басқарып, 2020 жылдың желтоқсанында қызметінен кеткен. Бапкерлік мансабында «ПСЖ» клубынан бөлек Германия бундеслигасындағы «Боруссия Д» пен «Майнц 05» клубтарын басқарған.