Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Томас Бах Токио Олимпиадасына жарыс басталар алдында баратын болды
11:43 / 2021-05-20

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах Жапонияда коронавирустық сырқаттану күшейгеніне байланысты Токиоға сапарын 12 шілдеге ауыстырды.

Бастапқыда Бах Токиоға мамыр айында баруды жоспарлаған. Бірақ ол өткен дүйсенбіде Хиросима префектурасында өтетін Олимпиада алауының эстафетасына қатысып, келесі күні премьер-министр Ёсихидэ Сугамен кездесуі керек еді. Кейінірек сапар маусымның басына, содан кейін бұл жоспар шілдеге ауыстырылды.

Осылайша, ХОК басшысы Бах жазғы Олимпиада-2020 ойындарының астанасына ашылу салтанатынан 11 күн бұрын келетін болды.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрынғы пандемияға байланысты кешіктірілген Токио-2020 Олимпиадасы биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған.