Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Томас Бах: Токио Олимпиадасы мүлдем өтпей қалуы мүмкін
12:46 / 2020-05-22

Ресми Жапония Токио-2020 Олимпиада ойындарын ұйымдастыруға 12 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған


Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Токио-2020 жазғы ойындар Олимпиадасы егер келесі жазда өтпейтін болса, мүлдем өтпеуі мүмкіндігін жайында айтты.

Томас Бахтың айтуынша коронавирустық пандемияға байланысты мәжбүрлі түрде көшірілген Олимпиада ойындары 2021 жылда да өтпейтін болса, онда 32 жазғы ойындар Олимпиадасы мүлдем болмайды деген. Оған себеп ретінде: -ең алдымен жыл сайынғы жоспар мен халықаралық федерациялар кестесін өзгерте алмайсыз, одан қалса мұндай ауқымды шараларды ұйымдастыруға мыңдаған жұмысшы жалдауға қаржыда жеткіліксіз. Біз келесі жылы өтеді деп үміттеніп тұрған Олимпиадалық ойындардың түрлі сценарилеріне дайын болуымыз керек. Пандемияданк кейінгі ахуал қандай болары белгісіз. Мүмкін спортшылар мен делегацияның басқа мүшелері түрлі жағдайларға тап болуы мүмкін. 2021 жыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін Олимпиада сол кезде өтпей қалар жағдай болса, кейін мүмдем өтпей қалуы мүмкін, деген Томас Бах ВВС-ге берген сұхбатында.

Ресми Жапония Токио-2020 Олимпиада ойындарын ұйымдастыруға 12 миллиард доллардан астам қаржы жұмсаған.