English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтеді
15:03 / 2021-07-09

Жапония үкіметі коронавирустық жағдайға байланысты Токиода өтетін Олимпиада ойындарын көрермендер қатысуынсыз өткізуге шешім қабылдады.

«Біз Токиодағы алаңдарда көрермен болмайтындығы туралы келісімге келдік», - деді Олимпиада министрі Тамаё Марукава.

Олимпиада ойындарының көп бөлігі Токиода өтеді, бірақ кейбір шаралар басқа қалаларда да ұйымдастырылады. Марукаваның айтуынша, ұйымдастырушылар көрермендерге қатысты шешімді жергілікті билікпен келісе отырып қабылдайды.

Коронавирустық пандемияға байланысты Жапония үкіметі Токиода 12 шілде мен 22 тамыз аралығында төтенше жағдай режимін енгізетінін жариялаған.

2020 жылда коронавирус пандемиясының кеңінен белең алғандығына орай 2021 жылға көшірілген Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.