Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токиода өзбек-жапон шығармашылық жобасы ұсынылды
17:44 / 2023-01-10

Өзбекстанның Жапониядағы Елшілігі «Cultural Sending Promotion Committee» ұйымымен бірлесіп, Токиодағы «Киои» өнер сарайында «Әлемдік музыка» концерттік жобасын ұсынды.

Онда белгілі жапон жазушысы Сузуката, әртістер Акеми Татемичи мен Ёшихару Ганрюдің Ташкенттегі «Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық үлкен театрдың салыну тарихы» атты сахналық қойылымы көрсетілді.

Жобада жапон музыкалық аспаптары – «кото» және «орин» үнімен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Өзбекстанға әкелінген жапон жауынгерлерінің Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық театрын салуы және қиын әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қарамастан өзбек халқы тарапынан оларға жасалған қамқорлық туралы баяндалады.

Жобаға қатысушылардың бірі, жапон («кото») музыканты Акеми Татемичи алғаш рет көрсетіліп отырған бұл өзбек-жапон шығармашылық жобасы көрермендердің жүрегінде жылы әсер қалдырғанын айтып, осы жобаға қызығушылық арта түсетініне сенім білдірген жіне Жапон жұртшылығын Өзбекстан мен Жапония тарихымен таныстыру мақсатында жақын арада Киото префектурасында кезекті шығармашылық бағдарламаның тұсауы кесілетінін жеткізген.

Орталық Азия және Кавказ ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Тецужи Танака бұл жобадан үлкен әсер алғанын білдіріп, Жапонияның Өзбекстанмен қарым-қатынасы Ұлы Жібек жолы дамығаннан бері дамып келе жатқанын мәлімдеген. Сарапшы Өзбекстан Президентінің Жапониямен екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты дамытудағы күш-жігерін де жоғары бағалады.

Осынау жоба аясында Өзбекстанның мәдениеті мен туристік әлеуетін насихаттау мақсатында өзбек ұлттық қолөнер бұйымдарының бұрышы ұйымдастырылғаны айтылады хабарламада.