Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токиода Паралимпиада ойындары көрерменсіз өтеді
11:09 / 2021-08-17

Токио Паралимпиада ойындарының ұйымдастырушылары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін жарыстарды жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады.

«Токиодағы, сонымен қатар Тиба, Сайтама және Сидзуока префектураларындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жарыстарды барлық спорт нысандарында көрермендерсіз өткізу туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

NHK телеарнасының хабарлауынша, Токиодағы Паралимпиада ойындарына барлығы 770 мыңға жуық билет сатылған. Ұйымдастырушылар қабылдаған шешімге байланысты билеттерге жұмсалған қаражат сатып алушыларға қайтарылады.

Бұған дейінгі ХХХІІ жазғы Токио-2020 Олимпиада ойындары да көрерменсіз өткен болатын.