Токио Олимпиадасында COVID-тен қорғаудың қытайша үлгісі қолданылуы мүмкін
Қытайлық эпидемиолог Чжан Веньхун Шанхай импорттық көрмесін ұйымдастыру тәжірибесін Олимпиада ойындары сияқты ірі халықаралық іс-шараларда пайдалануға болады деп санайды.
Сарапшының айтуынша Қытайдағы көрменің 5 қарашадан 15 қарашаға дейін созылғанын, онда 1,3 миллион келуші қабылданғанын еске алып, ұйымдастырушылар коронавирустық індеттердің тарауын болуын болдырмау үшін эпидемиядан қорғаудың арнайы моделін қолданған.
Чжан Веньхун жапондық шенеуніктерді 2021 жылғы Олимпиаданы өткізуде Қытайдың тәжірибесін пайдалануға шақырды. Сарапшының айтуынша, ұшақпен шетелден келетіндердің барлығын тексеріп, екі апта карантинге орналастыру тиімді. Өйткені бұл жағдай Шанхай импорттық көрмесінде жақсы нәтиже берген. Оның пікірінше, мұндай тәсілді Олимпиада ойындарына келетін спортшыларға қолдануға болады.