Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио Олимпиадасында Covid-19 жұқтырған спортшылар арнайы қонақ үйге орналастырылады
11:55 / 2021-04-12

Токио-2020 Олимпиадасының ұйымдастырушылары Жарыстар кезінде коронавирус жұқтыратын спортшыларды арнайы қонақүйге орналастыруды жоспарлап отыр.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті, Жазғы ойындар шетелдік көрерменсіз өтуіне қарамай қауіпсіздік шарасы ретінде, Жарыстар кезінде коронавирус жұқтыратын спортшыларды арнайы қонақүйге орналастыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта ұйымдастыру комитеті олимпиадалық қалашықтан бірнеше шақырым жерде 300 бөлмелі қонақүйді дайындап қойған.

Сонымен қатар ауруды қонақ үйге жеткізуге арналған 30-ға жуық арнайы көлік. Спортшылар коронавирусқа әр 4 күн сайын тексеріліп отырады. Олимпиададағы карантин және тест алуға қатысты қосымша ұсыныстар кейінірек жарияланады.

Коронавирус індетіне байланысты бір жылға кешіктірілген ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары  2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтеді.