Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио Олимпиадасына қатысатын спортшыларға қойылатын талаптар жарияланды
11:42 / 2021-04-29

ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары жарыстар кезінде спортшыларға қатысты шектеу шараларын жариялады.

Белгіленген межеде спортшылар күн сайын коронавирустық сынақтан өтеді. Оларға қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салынады. Барлық қатысушылар тек олимпиадалық алаңдардың арнайы бөлінген орындарында және олар орналасқан қонақ үйде тамақтануы мүмкін.

Сонымен қатар, спортшыларға арнайы бетперде тақпаған адамдармен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған болып, әлеуметтік арақашықтықты бір метрге дейін сақтауы керек.

Регламенттің соңғы нұсқасы маусым айында - байқау басталардан бір ай бұрын шығады деп күтілуде.

Коронавирус індетіне байланысты бір жылға кешіктірілген Токио-2020 Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған.