Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио Олимпиадасы жеңімпаздары медальді мойнына өздері тағатын болды
10:29 / 2021-07-15

Токио-2020 Олимпиадасында коронавирустық пандемияға байланысты жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне өзгертер енгізілді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах медальдарды бұрынғыдай ХОК мүшелері немесе жоғары лауазымды шенеуніктер емес, жеңімпаздар өздері тағатын болады деп мәлімдеді.

Бахтың айтуынша, Олимпиададағы медальдар жеңімпаздарға арнайы ыдыста жеткізіледі, содан кейін спортшылар медальдарды алып, мойындарына өздері тағып алады және марапаттау кезінде қол сығу мен құшақтасып құттықтауға болмайды.

«Спортшы медальдарға ешкімнің қолы тимегенін нақты білуі үшін, оны дезинфекцияланған қолғаптағы адам арнайы ыдыста жеткізеді, деген Томас Бах.

Бұған дейінгі енгізілген ережелерде, коронавирус таралу деңгейінің артуына байланысты Олимпиада ойындары өтетін ареналарға көрерменнің кіруіне тыйым салынған еді.