Токио-2020: Өзбекстандық ауыр атлет рекорд орнатып, алтын медал алды
Токио-2020 Олипиадасында ауыр атлет Акбар Джураев екі бағыт бойынша олимпиадалық рекорд орнататып, Өзбекстан қоржынына тағы бір алтын медалды сыйлады.
109 келі салмақта өзбекстандық зілтемірші жұлқа көтеруден 237 келіні көтеріп, Олимпиада рекордын орнатты. Жалпы есепте 430 келі салмақты көтеріп жазғы ойындар Олимпиадасында алтынға ие шықты.
Осылайша Өзбекстан қоржыны тағы бір алтын медалмен толығып, жалпы командалық есепте 28 орынға жайғасты.
Жалпы командалық есеп бойынша ТОП-5 елдер:
- Қытай - 32-21-16
- АҚШ - 24-28-21
- Жапония - 19-6-11
- Аустралия- 14-4-15
- Ресей - 13-21-18

