Токио-2020: Өзбекстандық 19 жасты спортшы алғашқы алтынды жеңіп алды
Токио-2020 Олипиадасында 19 жасты өзбекстандық таэквондошы Ұлықбек Рашидов сенсация жасап ел қоржынына алғашқы алтын медалді сыйлады.
Өзбекстандық таэквондошы Олимпиада тарихында алғаш рет финалға шығып британиялық қарсыласына мүмкіндік қалдырған жоқ.
- 68 келі салмақ дәрежесіндегі финал сайысында Ұлықбек Рашидов Ұлыбритания өкілі Брэдли Синденді 3 раундтық кездесуде 34:29 есебінде жеңіп, Токио Олимпиадасындағы Өзбекстан құрамасының алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Ұлықбек Рашидов Олимпиада ойындарында медаль алған өзбекстандық таэквондошылар арасында алғашқы спортшы атанды.