Токио-2020: Өзбекстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті
Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан XXXII жазғы Олимпиада ойындары барысында Өзбекстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті.
28 шілдеде жазғы Олимпиада ойындарының бесінші күні -90 келі салмақта Өзбекстан намысын қорғаған дзюдошы Давлат Бобонов қола медальға қол жеткізді.
Шешуші кездесуде Бобонов түрік дзюдошысы Михаэл Зганкты иппон әдісімен жеңіп, Өзбекстан Олимпиада делегациясының қоржынын тағы бір жүлде – қола медалімен толықтырды.
Осылайша Өзбекстан құрамасы Токио-2020 Олимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медалмен командалық есепте 25 орынға шықты.
Жалпы командалық есеп бойынша ТОП-5 елдер:
- Жапония - 13-4-5
- Қытай - 12-6-9
- АҚШ - 11-11-9
- Ресей - 7-10-6
- Аустралия- 6-1-9