Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020 стадионында COVID-19-ға қарсы шаралар сынақтан өтуде
16:23 / 2020-11-04

XXXII жазғы Олимпиада ойындарын өткізу алдынан Жапония үкіметі Токиодағы 32 мың көрерменге арналған стадионды 80 пайызға толтыру бойынша қауіпсіздік тұрғысынан COVID-19-ға қарсы сынақтан өткізуде


XXXII жазғы Олимпиада ойындарын өткізу алдынан Жапония үкіметі Токиодағы 32 мың көрерменге арналған стадионды 80 пайызға толтыру бойынша қауіпсіздік тұрғысынан COVID-19-ға қарсы сынақтан өткізуде.

Онда, стадионға келген көрерменнің әрекеті мен бәрі маска кигендігін бақылау үшін жоғары дәлдіктегі камералар мен сенсорлар орнатылған және COVID-19дан қорғау үшін иіс газ мөлшерін бақылауға және жел жылдамдығын өлшеуге арналған құрал орнатылған.

Қазіргі уақытта Жапония үкіметі стадиондарға 50 пайыздық жүктемемен жұмыс істеуге мүмкіндік берген болып, үш күндік эксперименттер барысында сарапшылар COVID-19 пандемиясы жағдайында аренаға көрермендер келу-келмеуі болатындығын анықтайды.

140875_680.jpg

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін жоспарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты ойындар 2021 жылдың осы мезгіліне (23 шілдеден 8 тамызға) ауыстырылды. Ойындарды өткізу туралы соңғы шешім 2021 жылдың көктемінде қабылданады.