Токио-2020 Олимпиадасында 500-ден астам коронавирус жұқтырған жағдайы анықталды
23 шілде мен 8 тамыз аралығында өткен XXXII жазғы Токио-2020 Олимпиада ойындары барысында коронавирус жұқтырған 511 жағдай тіркелген.
Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің сайтындағы ақпаратқа сай, Олимпиаданың соңғы күні 25 жағдайы анықталған. Ал жазғы ойындар кезінде ең көп індетанықталған күн 5 тамызда болды - 31 жағдай. Олимпиада мен дайындық кезеңінде барлығы 650 мыңнан астам коронавирусқа тест жасалып, олардың 0,02 пайызы ғана оң нәтиже көрсеткен.
Еске сала кетейік, Жазғы Паралимпиада ойындары Токиода 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.