Өзбекстандық біртоп боксшы және семсерлесуші спортшылар Токио-2020 Олимпиадасына жолдама алғандығының құрметіне Туризм және спорт министрлігі тарапнан марапатталды.
Төрт жылда бір келер Олимпиада ойындарына жолдама алған спортшыларға Өзбекстанда 100 миллион, ал олардың жаттықтырушылары 50 миллион сумдық марапат беру белгіленген болып, бүгін Туризм және спорт министрлігінде марапатты табыстау салтанатты рәсімі өтті.
«Мемлекет басшысының дене шынықтыру мен спортқа көңіл бөлуінің нәтижесінде спортшыларымыз халықаралық аренада жоғары орындарға ие болуда. Бірнеше аптада 4 боксшымыз және 3 семсерлесушіміз Токио-2020 Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, бұл өзбек спортының жанкүйерлеріне қуаныш сыйлайды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен спортшыларымызды осы жетістігімен құттықтаймын және оларға алдағы Олимпиада ойындарында сәттілік тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов.



Бокс бойынша:
Спортшы Дилшод Рузметовқа 100 млн, оның жаттықтырушысы Фаррух Киличевқа 50 млн сум;
Спортшы Фанат Қахрамановқа 100 мнл, оның бапкері Баходир Хасановқа 50 млн сум;
Спортшы Райхон Қадироваға 100 млн сум, оның жаттықтырушысы Камолиддин Муталовқа 50 млн сум;
Спортшы Шахноза Юнусоваға 100 млн, жаттықтырушысы Ислам Таджибаевқа 50 млн сум ақшалай сыйақы берілді.
Семсерлесу бойынша:
Спортшы Малика Хакимова 100 млн, жаттықтырушысы Руслан Кудаев 50 млн сум;
Спортшы Зайнаб Дайибекова 100 млн, оның жаттықтырушысы Владимир Назлимовқа 50 млн сум;
Спортшы Шерзод Мамутовқа 100 млн, оның жаттықтырушысы Владимир Назлимовке - 50 млн сум сыйақы берілді.
Салтанатты шараға түрлі себептермен келе алмаған боксшыларға сыйлықтар оларға жеткізілетіні айтылады, Ұлттық олимпиада комитеті хабарында.