Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020 Олимпиадасына жолдама алған барлық футбол командалары белгілі болды
17:35 / 2021-03-29

Коронавирустық пандемия салдарынан 2021 жылға көшірілген Токио-2020 Олимпиадасына жолдама алған құрлықтық барлық футбол командалары белгілі болды.

АҚШ-тың Олимпиада құрамасы 29 наурызда Гондурасқа жол беріп (1: 2) қатарынан үшінші рет олимпиада жолдамасынан айрылып қалды. Ал, Гондурас құрамасы соңғы жолдама иегеріне айналды.

Токио-2020 Олимпиадасына келесі командалар қатысады:

Еуропа: Франция, Германия, Румыния, Испания;

Азия: Жапония (Олимпиада иелері), Австралия, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея;

Оңтүстік Америка: Аргентина, Бразилия;

Солтүстік Америка: Гондурас, Мексика;

Африка: ОАР, Египет, Кот-д’Ивуар;

Океания: Жаңа Зеландия.

Еске салар болсақ, ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған болып, футбол турнирі 21 шілдеден 7 тамызға дейін жалғасады. Жеребе 21 сәуірде өтеді.