Токио-2020 Олимпиадасына қатысқан спортшылар мемлекеттік наградаларымен марапатталды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығына сәйкес ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар мен жаттықтырушылар жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атаулы марапат өз иелеріне бүгінгі салтанатты кездесу аясында табысталды.
-Сізге берілген жоғары награда - бұл сіздің еңбегіңізді, талантыңыз бен шеберлігіңізді халқымыз бен Отанымыздың берген лайықты бағасы. Бұл құрмет пен сенім сізге жаңа күш береді және сізді одан да үлкен жеңістерге жігерлендіретініне сенімдімін.
Баршаңызға мықты денсаулық, күш -қуат, отбасылық бақыт және осындай ізгі мақсат жолында сәттілік тілеймін.
Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді алда келе жатқан ұлы және ең қастерлі мереке - Еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын, - деді Мемлекет басшысы.