Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Токио-2020» Олимпиадасына байланысты «Konya 2021» жарысы кейінге қалдырылды
16:55 / 2020-06-17

5-ші Ислам Ынтымақтастық Ойындары 2021 жылдың 20-29 тамыз күндері аралығында өткізу жоспарланған болатын


Түркияның Конья қаласында өтуі жоспарланған 5-ші Ислам Ынтымақтастық Ойындары «Токио-2020» Олимпиадасына байланысты басқа мерзімге көшірілді.

Осынау жүлделі сайыс 2021 жылдың 20-29 тамыз күндері аралығында өткізу жоспарланған болатын. Бірақ «Токио-2020» жазғы ойындар Олимпиадасының 23 шілде мен 8 тамыз арасында өтуіне орай айтулы жарыс қыркүйек айының 10-19 жұлдызы күндері өткізуге шешім қабылданған.

Түркия спорт министрі Мехмет Мухарремнің мәлімдеуінше, сайысқа дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде және оған атсалысар серіктестер мен 5-ші Ислам Ынтымақтастық Ойындарын жоғары деңгейде өткізе алуға сенімдіміз, -деген.