English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020 Олимпиадасына бармайтындар үшін билет ақшасы қайтарылады
12:21 / 2020-10-27

Токио-2020 Ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарына бармайтын жандардың билетті өткізіп ақшасын қайтарып алу процедурасын бастау туралы шешім қабылдады


Токио-2020 Ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарына бармайтын жандардың билетті өткізіп ақшасын қайтарып алу процедурасын бастау туралы шешім қабылдады.

NHK телеарнасының хабарлауынша, комитет шешімі бойынша Олимпиада ойындарына бара алмайтындарға ақшасын қайтару мерзімі 10 қарашадан басталып шамамен 20 күнге жалғасады. Паралимпиада билеттерінде желтоқсан айында 20 күн ішінде қайтаруға болады.

Бүгінге дейін жазғы Олимпиада ойындарына 4,5 миллионға жуық билет сатылған болса, Паралимпиада ойындарына 1 миллионға жуық билет сатылған.

Еске салайық, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін жоспарланған болатын, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты ойындар 2021 жылдың осы мезгіліне (23 шілдеден 8 тамызға) ауыстырылды. Ойындарды өткізу туралы соңғы шешім 2021 жылдың көктемінде қабылданады.