Жапония Токио-2020 Олимпиадасын шетелдік көрерменсіз өткізуге шешім қабылдады.
Kyodo жаңалықтар агенттігі хабарламасында, Жапония үкіметі жазғы Олимпиада ойындарын шетелдік көрерменсіз өткізуге шешім қабылдады. Бұл мәселе өткен аптада Жапония үкіметтік шенеуніктері мен Халықаралық Олимпиада және Паралимпиада комитеттері өкілдерінің онлайн-кездесуі кезінде көтерілген болып, осы бойынша шешім үкімет пен Халықаралық Олимпиада комитеті өкілдерінің келесі аптадағы кездесуінде ресми түрде қабылданады.
25 наурызда Жапониядағы Олимпиада алауы эстафетасының ашылу салтанаты да көрерменсіз өтуі мүмкін.
Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған. Қазіргі кезге дейін Олимпиада жолдамасының 60 пайыздан астамы өз иесіне табысталды. Қалған 25 пайызы 29 маусымға дейінгі өтетін іріктеу жарыстарында өз иелерін табатын болса, 14 пайызы спортшылар әр спорт түріне сәйкес біліктілік жүйесіне сәйкес рейтинг бойынша таңдалатын болған.