Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020 Олимпиадасы ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін
11:21 / 2021-02-02

Коронавирустық пандемияға байланысты 2021 жылға көшірілген Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін.

Ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Моридің журналистерге берген сұхбатында, «Біз Олимпиаданы көрерменсіз өткізуді қаламаймыз. Егер біз бұл туралы бас қатырмасақ, онда жарыстарды өткізе алмауымыз мүмкін», - деген. Оның айтуынша Ұйымдастыру комитеті серіктестерінен Олимпиада ойындарын өткізуге ешқандай қарсылық түспегенін мәлімдеген.

Kyodo жаңалықтар агенттігі Жапония үкіметі коронавирустық жағдайды осы жылдың жазына дейін толық бақылауға ала алмаса, жоспарланған шаралардың бірін жүзеге асыруды қарастырып жатқанын хабарлады. Бұл шараларға Олимпиада ойындары кезінде стадиондардағы көрермендер санын күрт шектеу немесе онсыз өткізу жоспары.

Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған. Қазіргі кезге дейін Олимпиада жолдамасының 60 пайыздан астамы өз иесіне табысталды. Қалған 25 пайызы 29 маусымға дейінгі өтетін іріктеу жарыстарында өз иелерін табатын болса, 14 пайызы спортшылар әр спорт түріне сәйкес біліктілік жүйесіне сәйкес рейтинг бойынша таңдалады.