Токио-2020 олимпиадасы мүлдем өтпей қалуы мүмкін
Әлемдік пандемияға байланысты 2021 жылға көшірілген Токио-2020 Олимпиадасы мүлдем өтпей қалуы мүмкін
Әлемдік пандемияға байланысты 2021 жылға көшірілген 32-ші Токио-2020 жазғы спорттық ойындар Олимпиадасы мүлдем өтпей қалуы мүмкін.
Токио Олимпиадасының Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Эсиро Моридің журналистерге берген сұхбатында: егер коронавирусқа байланысты жағдай оңалмайтын немесе вакцина шықпайтын болса Олимпиада мүлдем өтпеуі мүмкін. Ол тағыда бір жылға қалдырылмайды. ХОК 32-ші жазғы спорттық ойындар Олимпиадасын әрең көшірді. Бұрын Олимпиада тек соғыстың кесірінен тоқтатылды, бірақ бұл жолы біз көрінбейтін жаумен күресудеміз. Егер Олимпиада әлемдік вирусты жеңгеннен кейін өтсе, онда бұл жарыстар бірнеше есе құнды болады, - деді Эсиро Мори.
ХОК ірі қаржылық шығындарға жол бермеу үшін жарысты соңғы кезге дейін көшіруге келісім бермей келген. Алайда коронавирустың әлемдік қаупі артып жарыс қалдырылды. Бұл ретте ең көп шығын көрген елЖапония. Олар Олимпиадаға дайындық үшін 12 миллиардтан астам доллар жұмсаған.