Токио-2020 олимпиадасы коронавирус себеп жыл соңында өтуі мүмкін
Бүгін Иорданияда бокс бойынша Азиядан іріктеу турнирі басталды
2020 жылғы жазғы спорт түрлерінен өтетін Токио олимпиадасы COVID-19 коронавирусының өршуіне байланысты жыл соңында өтуі мүмкін дейді, Жапонияның олимпиада министрі Сейко Хашимото.
Бүгінге дейін Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) індеттің тарау деңгейі төмендемейтін болса айтулы жарыстың қалдырылуы жайлы айтқан еді. Ал Британдық басылым «Daily Mail» кеше олимпиада ойындары мен паралимпиада ойындары жанкүйер мен көрермендерсіз өтуі мүмкіндігі жайлы болжам жасаған.
Сейко Хашимотоның айтуынша «келісімшарт бойынша Олимпиада ойындары 2020 жылдың жаз айларында өкізілуі керек. Мұндай аса ауқымды шараларды кейінге қалдырғаруға рұқсат етілуіде мүмкін. бірақ біз барынша оның уақытылы өтуіне тырысамыз.
Еске сала кетсек бүгін Иолрдания астанасы Амман қаласында бокс бойынша Азиядан іріктеу турнирі басталды. Осы жарыс коронавирус себеп Қытайдан көшірілген еді. Ал бүгін таңда Иорданияда коронавирустың алғашқы белгілері анықталғандығы хабарланды.