Токио-2020 олимпиадасы коронавирус себеп тоқтатылуы мүмкін
Бүгінде коронавирус себеп бірнеше маңызды спорт жарыстары басқа қалаға көшірілді
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) мүшесі Ричард Пунд бүгінгі таңда әлемге қауіп төндірген жаңа коронавирус түрі COVID-19 індетінің өршуі алдағы екі айда бәсеңсімейтін болса Олимпиада ойындары тоқтатылуы мүмкін деп мәлімдеді.
Осыған дейін Лондон қаласы мэрі лауазымдығына қызу күрес бастаған Шон Бэйли коронавирусқа байланысты Токио-2020 олимпиадасын Лондонға көшіру жайлы ұсыныс айтқан болатын. Бірақ бұл бастамаға ХОК олимпиаданы Токиодан басқа елге көшірілмейтіні жайлы нақты айтқан еді.
Алайда алдағы екі ай ішінде коронавирус індетіне бақылау ойдағыдай орнамаса Олимпиада ойындары тоқтатылуыда мүмкін. Барлық жағдай алдағы мамыр айының соңында нақтылана түспек.
Бүгінде коронавирус себеп бірнеше маңызды спорт жарыстары басқа қалаға көшіріліп, Италияда "А серия" ойындары қалдырылды. Аса маңызды есептелуші Еуропаның 11 еліндегі 12 қалада өті жоспарланған “Еуро-2020” футбол жарысыда өтпей қалуы мүмкін.