English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020: Олимпиада ойындары өтпей қалуы мүмкін
11:21 / 2021-07-21

Токио Олимпиадасы ойындарын ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто коронавирусқа қатысты жағдай ушығып кетсе, жарыстан бас тарту мүмкіндігі туралы хабарлады.

Sky Sports басылымының хабарлауынша, егер аурудың өсуі байқалса, ұйымдастырушылар шұғыл жиналыс шақырады және ойындар тоқтатылуы мүмкін. «Коронавирустық инфекцияның қанша жағдайы болатынын болжай алмаймыз. Осындай жағдай туындаған кезде не істеуіміз керек екенін ойластырамыз», - деп айтқан Тосиро Муто.

Коронавирусқа қатысты жағдай ұйымдастырушыларды қиын жағдайға душар етті: соңғы тәулікте ұлттық құрамалар арасында тағы 10 коронавирустық инфекция анықталып, жалпы жағдайлардың саны 68-ге жеткен.

Токио-2020 Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған. Дегенмен жазғы ойындар аясындағы жарыстың кейбір түрлерінен командалық сайыстарға старт берілген.