Токио-2020 Олимпиада футбол турниріне жеребе тартылды
23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған Токио-2020 Олимпиада ойындарының футбол турниріне жеребе тартылды.
29 наурызда ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын командалардың толқ құрамы белгілі болған еді. Ал 21 сәуірде 16 команда төрт топқа бөлініп, жеңіс үшін күресетін қарсылас құрамалар анықталды.
Жеребе нәтижесіне орай:
А - тобы
«Жапония», «ОАР», «Мексика», «Франция»
В - тобы
«Жаңа Зеландия», «Оңтүстік Корея», «Гондурас», «Румыния»
С - тобы
«Египет», «Испания», «Аргентина», «Австралия»
D - тобы
«Бразилия», «Германия», «Кот-д’Ивуар», «Сауд Арабиясы»

Турнирге Азия аймағынан төрт команда қатысады. Байрақты бәсеке 2021 жылдың 21 шілдеден 7 тамызға дейін жалғасады.