Токио-2020: Баходир Джалолов Олимпиада жеңімпазы
Бокс бойынша XXXII жазғы Олимпиада ойындарының +91 келі салмақта ерлер арасындағы жарыста Баходир Джалолов алтын медалға ие шықты.
Токио Олимпиадасының соңғы күні 8 тамызда Баходир Джалолов алтын медал үшін күресте америкалық Ричард Торреске қарсы жекпе-жекке шығып, төрешілердің шешімі жеңімпаз атанды. Осылайша Өзбекстан делегациясы қоржыны тағы бір алтын медалмен толықты.
Жалпы Өзбекстан спортшылады 3 алтын, 2 қола медалмен Токиодағы жазғы ойындарды 31 орында аяқтады. Бұл нәтиже Орталық Азия елдері арасында бірінші, ТМД бойынша екінші орын болды.