Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020: Австралия делегациясы толықтай карантинге алынды
17:51 / 2021-07-29

XXXII жазғы Олимпиада ойындарында Австралия делегациясы толықтай карантинге алынды.

Олимпиада ресми сайтының хабарлауынша, жеңіл атлетикадан Австралия құрамасы өкілдерінің толық құрамына карантин жарияланған.

Қазіргі уақытта Австралия құрамасының 63 спортшысы оқшауланған. Оған себеп, тест нәтижесі COVID-19 бар екенін көрсеткен американдық чемпион Сэм Кендрикс пен Австралия құрамасының спортшысы Кертис Маршалл байланыста болғаны айтылады. Маршалл содан кейін де команданың жалпы жаттығуларында спортшылар мен бірге жаттығу жасаған.

Токиода жеңіл атлетика бойынша жарыстар 30 шілдеде басталады. Қазіргі уақытта мына жағдайға орай сайыстардың қай кезге дейін кешіктірілгені белгісіз.