Тоқыма өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде жиын өтті
Жиында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен «Узтуқимачиликсаноат» қауымдастығына Еуропалық Одақ нарығы үшін «GSP +» мәртебесін алу міндеті жүктелді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 23 сәуірде тоқыма өнеркәсібінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және пандемия саласына әсерін азайту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Қазргі кезде ел аумағында тоқыма өнеркәсібінде 365 000 адам жұмыс жасайтын 2000-нан астам кәсіпорын бар. Соңғы 3 жылда саланың экспорттық әлеуеті екі есеге артты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1,6 миллиард долларды құрасада саланың мүмкіндігі 3 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып, экспортты 15 млрд-қа жеткізсе болады.
Отырыста пандемия кезінде жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін кәсіпорындарды айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мәселесі қаралып, биыл 1 сәуірге дейін сатылған мақта өнімінің соңғы төлеу мерзімін 90 күннен 150 күнге дейін ұзарту тапсырылды.
Келесі 5 жыл ішінде дайын өнім өндірісін 4-5 есе ұлғайту, бәсекелестермен салыстырғанда шығындарды азайту және сыртқы нарықта жақсы орын иемдену міндеті қойылды. Осы мақсатта өнім түрлерін кеңейту және олардың сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігі айтылды.Жиында Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен «Узтуқимачиликсаноат» қауымдастығына Еуропалық Одақ нарығы үшін «GSP +» мәртебесін алу міндеті жүктеліп, Халықаралық қаржы корпорациясының қолдауымен BSI стандарттары негізінде өнімдерді сертификаттауды жеделдету қажет екендігі де айтылды және экспорттаушыларға субсидиялауды одан әрі кеңейту туралы нұсқаулар берілді.
