Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тоқаев: «Оралман» сөзінен бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады
14:46 / 2019-09-20

Қазақстан Репсубликасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оралман сөзіне қатысты пікір білдірді,


Қазақстан Репсубликасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оралман сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақстан мемлекеттік "ҚазАқпарат" сайты.

«Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деп жазады Президент twitter парақшасында.

Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның басты газеті «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында «Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру - біздің парызымыз», - деген болатын.