ТМД төрағасы ретінде ӨР СІМ армян-әзербайжан қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының төрағасы ретінде Әзірбайжан мен Армения елдері арасындағы қатынастардың шиеленісуіне қатты алаңдаушылық білдіріп, осы жағдайға орай тараптарды дипломатиялық жолмен ымыраға келуге шақырды.
«Өзара қарсылық кезінде әскери күш қолдану екі жақтан да көптеген адам өліміне себеп болуы мүмкін.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының төрағасы ретінде Өзбекстан ТМД аумағында достық, тату көршілік қатынастарды және өзара сенімді нығайтудың, даулы мәсселелерді халықаралық заңдарға сәйкес бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын қуаттайды.
Біз Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасын әскери әрекетті тез арада тоқтатуға және мәселені бейбіт жолмен, аумақтық тұтастық қағидаттарына сәйкес шешу мақсатында дипломатиялық келіссөздерді бастауға шақырамыз, делінген хабарламада.