ТМД СІМ басшылары жиыны бейнеконференциялы түрде өтеді
Жиын соңында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде
Өзбекстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалығы аясында 2020 жыл 12 мамыр күні бейнеконференция түрінде ТМД-ға мүше Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.
Абдулазиз Камилов бастаған атаулы жиында Армения, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Түркіменстан сыртқы істер министрлері, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшы Сергей Лебедев қатысады.
Өзбекстан СІМ-нің хабарлауынша шара аясында тараптар халықаралық күн тәртібі мен Достастық форматындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады, ТМД-ның 2019 жылға арналған көп деңгейлі министрлер аралық консультация жоспарын жүзеге асырылуы және 2020 жылға арналған жоспарды бекіту, сондай-ақ коронавирусқа қарсы бірлескен күрес мәселелері талқыланады. Жиын соңында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.